|
24.02.2024 | 15:37
1059

Аша Матайдың күйеуі жақсы жаңалығымен бөлісті

Оқырмандары құттықтап, жазба астына пікір қалдырды

Аша Матайдың күйеуі  жақсы жаңалығымен бөлісті  Фото: instagram.com/armankonyr

Тележүргізуші Аша Матайдың күйеуі, танымал әнші әрі "Mysterions" тобының мүшесі Арман Қоңыр әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Өнер иесі су жаңа темір тұлпарын көрсетті.

"Құттықтап қойыңыздар! Осы жылы жаңа темір тұлпар сізге де бұйырсын!" - деп жазған әнші.

Мұндай жақсы жаңалықты өнер иесінің әріптестері мен оқырмандары құттықтап, жазба астына пікір қалдырған.

"Арман жарайсың, әкесіне көлік сыйлады, енді Ақботаға сыйлап жатыр. Нағыз жігіт, отбасыңмен аман бол", "Берекелі болсын, бауырым!", "Құтты болсын", "Ең жақсы әйелдің ең жақсы күйеуі", "Құтты, берекелі көлік болсын", "Құтты болсын, бізге де жұғысты болсын", - деп жазған олар.

Оқи отырыңыз: Түсірілім алаңында басталған махаббат: Кәмшат Жолдыбаева жолдасын қалай жолықтырды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир