Былтыр наурыз айында Кәмшат Жолдыбаева мен отандық актер Ғазрет Қажымұқанұлы отау құрды. Әншінің махаббаты түсірілім барысында басталғанын айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі nur.kz-ке сілтеме жасап.
- Үйленгеніміз жайлы ақпарат растауды талап етпейтін шығар. Себебі барлық жерде отбасы құрғанымыз жайлы ақпарат тарап кетті. Махаббатымыз сериалдың түсірілімі кезінде басталды. Отбасы құрғалы іштей өзгерген шығармын. Кәмшаттың сыртқы келбетінің өзгеруіне әсер етпедім. Ешқашан айтқан емеспін. Бізде мәселелер талқыланады. Екеуіміз кездескен екі жылда психология саласын қатты зерттеді, - деді Ғазрет Қажымұқанұлы.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін желіде Кәмшат Жолдыбаеваға сырға салып, актер Ғазрет Қажымұқанұлына ұзатылғаны жайлы видеода тараған болатын. Алайда Кәмшат Жолдыбаева да, Ғазрет Қажымұқанұлы да осыған дейін шаңырақ көтергендері жайлы тіс жармады.
Оқи отырыңыз: Абай Бегейдің келіні не үшін сүйінші сұрады