Қазақстандық Диляра Дидарқызы «Украина дауысының» келесі кезеңіне өтті

стоп кадр
стоп кадр
Дуэльде ол Украинаның әншісі Ярина Малышнякпен бірге Whitney Houston мен Mariah Carey-дің композициясын орындап шықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандық 24 жастағы Диляра Дидарқызы «Украина дауысының» келесі кезеңіне өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дуэльде ол Украинаның әншісі Ярина Малышнякпен бірге Whitney Houston мен Mariah Carey-дің композициясын орындап шықты.

«Таңдаған әніміз өте қиын болды. Яринка екеумізге бұл әнді қайталау өте қиынға соқты, өйткені екеуіміз екі елде болдық. Біздің мақсатымыз  берілген тапсырманы бірге алып шығу. Қатысушылардың арасында біз ғана тоқтамай дайындалдық. Әнімізді шырқап біткеннен соң, екеуіміздің біреуіміз ғана өттік. Жобаны әрі қарай жалғастыруға негізі екеуімізде лайық едік. Бірақ бұл шоу, мұнда бәрі ерте ме, кеш пе кетеді. Бұл тек уақыт мәселесі. Бірақ мен соңына дейін күресемін», – деді Диляра.

Диляра соңғы кезеңінен өтіп, келесі кезеңіне өтті.


Новости партнеров