Алматының индустриалды аймағында жыл соңына дейін 9 жаңа кәсіпорын ашылады

ҚазАқпарат
ҚазАқпарат
2025 жылға дейін Алматының индустриалды аймағында 2522 жұмыс орнын құра отырып, 28 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Индустриалды аймағында жыл соңына дейін 9 жаңа кәсіпорын пайда болады. Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингі барысында белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv

Индустриалды аймақ директорының орынбасары Арслан Абдамит жаңа кәсіпорындар өндірістің басым салаларын таныстыратынын хабарлады.

Индустриалды аймақ Алматының Алатау ауданында орналасқан және өндірістік жобаларды жүзеге асыру үшін бастапқы алаң ретінде құрылған.

«Өндірістік алаңда жобаларды жүргізудің маңызды артықшылығы бизнесті жүргізудің тиімді шарттары, сондай-ақ, инфрақұрылым болып табылады. Пандемия кезеңі Индустриалды аймақтан гөрі шетелде отандық өндірісті дамыту мүмкіндігін нақты түсінуге мүмкіндік берді. Басқарушы компанияға түскен өтініштер саны 2 есе өсті», деп хабарлады Арслан Абдамит.

Индустриалды аймақтың тағы бір артықшылығы – өндірістік кәсіпорындарды қала сыртына көшірілді. Ал бұл Алматының экологиялық жағдайын жақсартты.

А. Абдамиттің хабарлауынша, 2021 жылдың соңына дейін индустриалды аймақта 9 жаңа кәсіпорын өндірісі ашылады.

«Әзірге бұл жобалар кезеңдермен жүзеге асырылатын болады. Бірінде инженерлік коммуникациялар тартылып жатса, екіншісінде құрылғылар орнатылуда, үшіншісінде ішкі және сыртқы әрлеу, аумақты абаттандыру жұмыстары аяқталып келеді», деп түсіндірді А. Абдамит.

Жаңа кәсіпорындар тізімінде: «СК Рахат», «Г.С.Г. Высотник», «Каз-Диа-Тест», «City Stone», «Әлем Тынысы», «Asia steel pipe corporation», «Электробар», «Valtherm», «Technokont» бар.

Индустриалды аймақ директорының орынбасары жаңа кәсіпорындарда диагностикалық тесттер, электротехникалық өнімдер, жылыту құралдары мен басқа да өнімдердің шығарылуы ретке келтірілетінін хабарлады.

Брифинг барысында А. Абдамит өткен аптада қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың Өңірлік үйлестіру кеңесімен жиын өткізгенін, оның барысында Алматының индустриалды аймағындағы жобалардың іске асырылу қарқынымен танысқанын еске салды. қала басшысы жұмысты қайта құру есебінен іске қосылған өндіріс санының өскенін атап өтті.

Сонымен қатар, аталған жобалардың іске асуы экономиканы дамытып, қосымша жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді.

2025 жылға дейін Алматының индустриалды аймағында 2522 жұмыс орнын құра отырып, 28 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Новости партнеров