|
16.06.2021 | 16:15
16234

Белгілі әнші Тина Кароль «Алматы» телеарнасында қонақта болды

Әнші Тина талайды таңғалдырған Алматының әсем табиғатына, асқар тауларына ғашық болып қалған

Белгілі әнші Тина Кароль «Алматы» телеарнасында қонақта болды Almaty.tv

Украинаның халық әртісі, әнші  Тина Кароль «Алматы» телеарнасының «Tаңғы Studio» бағдарламасында қонақта болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Танымал әнші Алматыға «Красиво» атты жаңа альбомын және «Скандал», «Хороший парень» бейнебаяндарын қазақстандық тыңдармандарға таныстыру үшін келген.  Әнші Тина талайды таңғалдырған Алматының әсем табиғатына, асқар тауларына ғашық болып қалғанын жеткізді. 

«Жылы жүзді адамдар. Білесіз бе, мұндай аңғал, шынайы, таза махаббатпен өмір сүретін тұрғындарды көру – мен үшін қуаныш. Бұл өте сирек кездесетін сезім. Осы сезімді сақтай біліңіздер! Әрине, терезеден көрінген таулар жақын маңнан көргендей болмайтын шығар. Бірақ менің көзіме сондай әсем бейне көрінді.  Бұл қалаға деген өзімнің сүйіспеншілігімді айтып жеткізе алмаймын. Әдетте, барлық ақпаратты телефоннан іздейміз ғой. Бірақ бұл телефоннан көргеннен де, терезеден қарағаннан да артық. Сіздер қандай сұлулықта өмір сүріп жатқаныңызды білесіздер ме?!» – деді Алматы қаласының табиғатына сүйсінген әнші.

Сұхбаттың толық нұсқасын төмендегі видеодан көре аласыздар.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир