|
23.11.2020 | 17:46
3179

Ковид немесе Пандемия: Танымал продюсер Бари Алибасов баласына оғаш есім бермек

Ол баласының жынысы әзірге белгісіз екенін атап өтті

Ковид немесе Пандемия: Танымал продюсер Бари Алибасов баласына оғаш есім бермек teleprogramma.pro

Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген танымал ресейлік продюсер Бари Алибасов дүние есігін әлі ашпаған баласына оғаш есім беру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы продюсердің PR-директоры Вадим Горжанкин мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Ол баласының жынысы әзірге белгісіз екенін атап өтті. Алибасов ұл туылса, оған Ковид есімін бермек. Ал егер қыз бала дүниеге келсе, перзентіне Пандемия деген есім беретінін мәлімдеді.

«Алибасовтың көмекшісі, суретші әрі биші Виктория Полторацкая жүктіліктің 6 аптасында. Ол, әрине, құрсағындағы баласына Ковид немесе Пандемия деген есім беру ұсынысына таң қалды, бірақ бас тартпады. Ол тек ойлануға уақыт беруін сұрады», – деді Горжанкин. 

Продюсердің PR-директоры атап өткендей, бұл атауды таңдау кездейсоқ болған жоқ.

«Атақты продюсер көптеген әртістермен салыстырғанда, тіпті коронавирус пандемиясынан да жаңа жолдар мен мүмкіндіктерді көреді. Әйтпесе, ол бәріміз білетін және жақсы көретін Бари Алибасов болмас еді», – деді Горжанкин. 

"На-На", "Интеграл" топтарына продюсерлік еткен Бари Алибасовтан көмекшісі Виктория Полторацкая нәресте күтіп отырғаны көпшілікке жақында белгілі болған еді. Продюсердің жаңа сүйіктісі жүктіліктің алтыншы аптасында.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир