Жаман ауырады екен: Жазира Байырбекова денсаулығы сыр бергенін жазды

15.06.2024 21:59

Белгілі әнші гастрольдік сапарда жүріп, аяғын баса алмай қалды

instagram.com/bairbekova.zhazira

Өнер иесі аяқкиімін кие алмайтын жағдайға жетіп, дереу хиджама жасатқан, деп хабарлайды  Аlmaty.tv тілшісі әншінің instagram парақшасаны сілтеме жасап. 

- 2 маусымнан бері Ташкент, Шымкент, Қызылорда, Тараз, Астана, әр қалада жүрміз. Белім ауырып жүрген соң Жетісайға кетіп бара жатып, Сарыағашта мануалист маманға соқтық. Емін жасап, соңында тобығыма хиджама жасады. Ойбаааай, табыққа жасағанда жаман ауырады екен. Бірақ шынында мықты маман екен. Ол менің бүгін халықтың алдына шығып ән айтатынымды білсе бұл процедураны жасамас па еді деп ойлаймын. Мен де кім екенімді, қандай жұмыс істейтінімді айтпағам. Қатты ауырды. Өкшемді баса алмай, аяқкиімімді толық кие алмадым кешке дейін, – деп жазды әнші.

Әңгіме арасында ауруын ұмыттырып, әнін тыңдауға келген қалың көрерменге алғыс білдірді.

- Содан кеш болды. Биік өкшемді киіп ұзатылатын қызды алып шығып, ауруды сезбей қалдым. Айтайын дегенім, ауруымызды ұмыттыратын, бойымыздағы қан айналымын жақсартатын, тоңып тұрған кезде терлететін қандай қасиеттеріңіз бар, көрермен?! Сіздер көп болып жиналғанда Алладан кейінгі үлкен күш екендеріңізге талай көзім жетті. Амандықтарыңызды тілеймін, – деп жүрекжарды лебізін айтты өнер иесі.

Оқи отырыңыз: Еңбегім бұлай бағаланбаған: Жұлдызай Дүйсенбиева көз жасына ерік берді (видео)