Нұржан Керменбаевтың отбасы туралы қандай шындық бар

instagram.com/nazerke_kermenbayeva
instagram.com/nazerke_kermenbayeva
Өнер иесінің жұбайы желіде көпшілікті алаңдатқан сауалға жауап берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әнші Нұржан Керменбаев жақында отандық әншімен дуэт орындап, көпшіліктің қызу талқысына түскен болатын. Өнер иесінің жұбайы желіде көпшілікті алаңдатқан сауалға жауап берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі nur.kz-ке сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, Нұржан Керменбаев пен "Кешью" тобының бұрынғы әншісі Элизат Берікова әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшілікті қызықтырып қойды. Отбасылы әнші мен екі баласы бар Берікованың видеосын көпшілік қызу талқыға салған болатын. Осыдан кейін желідегілер Назерке Керменбаеваның күйеуін жазылушылар қатарынан өшіріп тастағанын байқаған. Арада біраз уақыт өткеннен кейін Назерке Керменбаева Instagram желісіндегі парақшасында қазір күйеуімен қандай қарым-қатынаста екенін айтты. - Нұржан ағамен біргесіздер ме? Қатты уайымдап жүрмін, - деп сұраған оқырмандардың бірі. 

Ал әншінің жұбайы отбасында бәрі жақсы екенін жеткізді. 

- Уайымдамаңыздар! Бәрі жақсы, - деп жазды Керменбаева. 

Айта кетейік, Назерке Керменбаева әлеуметтік желіде күйеуімен түскен ортақ сурет, видеолардың бәрін өшіріп тастаған. 

Оқи отырыңыз: Ринат Шамшырақтың әйелі өзі жайлы айтып берді

Новости партнеров