«Әншейін сән екен»: Ерке Есмахан салмағын қалай қалпына келтіргенін айтты

Фото: Instagram/erke_esmahan
Фото: Instagram/erke_esmahan
Әнші оқырманының жылы сөзіне мақтана жауап қатты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандық әнші Ерке Есмахан босанғаннан кейін салмағын қалай қалпына келтіргені туралы айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Әнші Instagram желісіндегі парақшасында жазылушыларының сұрағына жауап берді. Оған бір оқырманы сұлу сымбатын қалай қалпына келтіргені туралы сұрақ қойған.

«Қазіргі таңда салмағыңыз қанша? Бала туған соң өз қалпыңызға тез келіп алдыңыз ғой», - деп сүйсінген. 

Әнші оқырманының жылы сөзіне мақтана жауап қатқан.

«Бұрынғы киімдерімді аяғым ауыр кезде босқа сатып жіберіппін. Енді сыймайды деп ойлағанмын. Сөйтсем, босану мен үшін әншейін сән екен ғой. Салмағым 53 кг. Шүкір», - деп жауап берді Е. Есмахан.

Әнші сондай-ақ күйеуі Раймныңконцертінде өнер көрсетпейтінін айтқан.

«Райм өнер көрсетеді. Мен қолдау көрсетемін. Неге ән айтқым келмей қалғанын өзім түсінбеймін. Талғамым өзгеріп кетті. Қайта орнына келер деген үміттемін.
Раймның алдағы концертіне келіңіздер. Мен сол кеште міндетті түрле ән саламын», - деп жазды ол.\

Оқи отырыңыз: Британиялық әйел бір баласын екі рет дүниеге әкелген

Новости партнеров