|
20.07.2023 | 17:27
1210

Жас әнші Садраддин су жаңа темір тұлпар тізгіндеді: кім, қанша көрімдік берді

Өнер иесі қуанышты жаңалығымен әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті

Жас әнші Садраддин су жаңа темір тұлпар тізгіндеді: кім, қанша көрімдік берді stan.kz

Жастар арасында танымал әнші Садраддин Болат қымбат көлік сатып алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Өнер иесі қуанышты жаңалығымен әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Әншінің таңдауы Lexus LX 600 маркалы көлігіне түскен.

"Құтты болсын! Шүкір. Бәріңізге рахмет", – деп жазды Садраддиннің өзі.

Әншінің анасы да қуанышын жасыра алмай, ұлына ақжарма тілегін арнады.

"Тойға мінетін көлік болсын, жұғысты болсын. Жақсы күндерге, жақсы жерлерге осы көлікпен барып, қыдырып жүрейік", – дейді анасы.

Садраддиннің достары да жомарттық танытып, көрімдігін берді. Жастар арасында NNN деген лақап атпен танымал Нұрдәулет Бексұлтан 100 доллар берсе, Дархан Жолжақсынов досының қолына 101 доллар ұстатты. Сондай-ақ көлікке әдемі нөмір сыйға тартты.

Желі қолданушылары жас әншіні құттықтап, ақ тілектерін жаудырды.

"Құтты болсын, жарайсың", "Осындай жаста мұндайға жету мақтаныш", "Еңбегің жансын", "Тұлпарың құтты болсын", "Жақсылыққа мін", – деп жарыса жазды желідегілер.

Айта кетейік, әншінің көңілі ауған Lexus LX 600 көлігінің нарықтағы құны 62 млн 740 мың теңгеден басталады.

Оқи отырыңыз: Жанар Айжанованың қызы Қыран Талапбектің тойына қатысты пікірін айтты

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир