Білім саласына қатысты 102 қылмыстық іс тергеліп жатыр

7-su.kz
7-su.kz
Келтірілген шығынның көлемі 7,9 миллиард теңге
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі білім саласына қатысты 102 қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл туралы ведомство төрағасы Асхат Жұмағали 6 айдың қорытындысы бойынша өткен алқа отырысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша,  іске Алматы, Шымкент және Талдықорған қаласының, сондай-ақ Қызылорда мен Ақтөбе облысының білім беру саласындағы лауазымды тұлғалардың қатысы бар болуы мүмкін. Мектеп директорлары мен есепшілері бухгалтерлік есеп жүйесін қазынашылықпен және басқа мәліметтер базасымен интеграциялаудың жоқтығын пайдаланып, бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген. Қылмыстық істер тергеліп жатыр.

– Қазір ел бойынша 102 істі тергеп жатырмыз. Алдын ала болжам бойынша, келтірілген шығынның көлемі 7,9 миллиард теңгені құрайды. «Жемқорлық тәуекелдері картасы» арқылы анықтадық. Бағдарламаны іске асыру кезінде білім беру саласына сырттай талдау жүргізген едік. Нәтижесі көңіл көншітпеді, – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы Асхат Жұмағали.

Новости партнеров