Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің Youtube-тағы ресми арнасы «алтын батырмаға» ие болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл жаңалықпен Димаш Instagram парақшасында бөлісті.
«Бүгін біздің Youtube арнамызда көрермен саны 1 миллионнан асып, осы желінің «алтын батырмасын» алдық. Ең алдымен кішігірім өнеріме баға беріп, «осы баланың болашағы жарқын болсын» деп тілеуімді тілеп отырған бүкіл әлемдегі тыңдармандарымның әрқайсына ерекше алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ бірге жұмыс істеп жүрген менеджерлеріме, шығармашылығыма атсалысып жүрген жандарға ризашылығымды білдіремін. Әрине, сонымен қатар ата-анама, туған-туыс, ағайын-бауырыма, жерлестеріме рахмет», – деп әнші алғысын білдірді.
Айта кетейік, Димаштың Youtube арнасы 2017 жылы жұмысын бастаған болатын.