|
11.10.2021 | 10:29
2166

Paparazzi: Сабиркиннің қаламақысы, Жаханның арманы

Ең алғашқы фильмін таспалауды бастаған Отарғалиев киноиндустриядағы мақсатын ашып айтты

Paparazzi: Сабиркиннің қаламақысы, Жаханның арманы Almaty.tv

«Жаханға пахан» комедиясының түсірілім алаңынан эксклюзивті кадрлар. Ең алғашқы фильмін таспалауды бастаған Отарғалиев киноиндустриядағы мақсатын 

«Алматы» телеарнасының Paparazzi бағдарламасына ашып айтты.

Отарғалиевтің айтуынша, бұл комедия жас отбасыларға, оның ішінде ер азаматтарға ой салып, тәрбиелік астарының да барын жеткізді.

«Қазір кейбір ер азаматтар өзінің отбасына көп көңіл бөлмей, керісінше басқа нәрсеге көңіл бөліп кетіп, оларға ақыл-ой қосатындай картина болса дейміз. Киномыз отбасылық қарым-қатынас, оны қалай түзеу керек жайында. Жалпы әзілмен болса да, адамдарға отбасының қандай қымбат екенін жеткізсек деймін», – деді Жахан.

Барынша рөлге беріліп, қатарынан бірнеше дубльді жалықпастан ойнауға дайын Сабиркин, Жахан досының киносына түсу ұсынысын бірден қабыл алған. Тіпті гонорар мәселесіне де бас қатырмапты.

«Негізі, менің жеке гонорарым бар. Бірақ Жаханға ондай ештеңе айтпадым, себебі отбасымызбен жақсы араласамыз. Өзара келісіп шештік», – дейді Сабира.

 Арманын орындау үшін барлығына дайын Жаханның табандылығы міндетті түрде жемісін беретініне әріптесі сенімді.

«Иә, бұл Жаханның үлкен арманы, алға қойған мақсаты. Өзінің мақсатына қандай жағдай болмасын тырысып, ұмтылып үлкен қадам жасап жатыр. Ол қадамына нұр жауады деп сенеміз. Керемет туынды шықсын деп тілейміз, ал біз барымызды салып соған көмектесуге тырысамыз. Дегенмен халық өзі айта жатар ары қарай қалай болатынын», – деді ол.

Актерліктен продюсерлікке бет бұрған Жахан бұл фильмді таспалап, үлкен экранға шығарудың бір ғана себебі барын айтады.

«Шынымды айтсам, бұл фильмді деңгей көрсетуге немесе  мені мойындасын, мені қарапайым ғана халық таниды, неге үлкен кісілер танымайды деп дәлелдеу үшін емес. Мен ешқайда ұмтылып жатқан жоқпын. Мені қолдап жатқан көрермен бар, соларға жасаған дүнием. Менен де жақсы нәрсе күтсе екен деп, солар үшін жасадым, енді көріңіздер», – деді Жахан.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир