Блогер Сабиркин енді әншілікке бет бұрмақ па

Блогер Сабиркин енді әншілікке бет бұрмақ па
Бұл туралы арнаның «Pаpаrazzi» бағдарламасында айтылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әзілге толы вайндарымен танымал болған блогер Сабиркин әншілікке бет бұрмақ. Сабира Жарасқызы жан досы  әнші Кенталмен бірге дебюттік трек жазып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.   Бұл туралы телеарнаның «Pаpаrazzi»  бағдарламасында айтылды.

Сабира Кенталмен бірге дуэт айту идеясы ойда-жоқта келгенін айтты. Әуежайдан жолдасы үшеуі келе жатып, көлікте минуспен ән айтып отырып, Кенталмен бірге дуэт жазуға шешім қабылдайды.

Сабиркиннің Кенталды таңдауы да тегін емес. Репертуарындағы барлық әнді тыңдарманының жүрегіне жеткізіп орындайтын жігіттің талантына талайдан бері тәнті екен. 

«Кентал ән айтқан кезде ішіндегісінің бәрін ақтарып,  бар жан дүниесімен, жүрегімен айтады. Оның ән айтуы, әуезі, үні  ерекше. Әр айтқан сөзіне үңіліп, рахаттана тыңдап кетесің», – дейді блогер.

Ал, шығармашылыққа білек сыбана кірісіп кеткен  Кенталдың «Мысли в слух» атты әні барлық музыкалық платформаларда 1 маусымнан бастап тыңдауға және жүктеуге болады. Блогер Сабиркин отандық арнадағы  музыкалық шоуда әнші Әміремен бірге финалдық кезеңде өнер көрсеткенін еске сала кетейік.  Шоудың әділ қазылар алқасы да Сабираның әншілік қыры ашылып келе жатқанын айтты. Сабира өзін  өнердің осы саласына бет бұрып, жаңа туынды шығаруға талпынып жүргенін қуанышпен жеткізді.

Новости партнеров