Әсем Жәкетаеваны студиядан шығарып жіберді
Бағдарлама басында шоудың жүргізушісі Тәуекел Мүсілім шығарылым қонақтарын «Ashyq» қосымшасы арқылы QR кодпен тексеріп көрді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
«Алматы» телеарнасындағы тұсауы кесілген жаңа жоба «Алматы кеші» бағдарламасының алғашқы шығарылымында әнші Әсем Жакетаеваны студиядан шығарып жіберді, деп хабарлайды Almaty tv.
Әнші қыздың бағдарламаға қатыстырылмауына «Ashyq» қосымшасындағы мәртебе себеп болған. Бағдарлама басында шоудың жүргізушісі Тәуекел Мүсілім шығарылым қонақтарын «Ashyq» қосымшасы арқылы QR кодпен тексеріп көрді.
«Сізде көк түс қой. Кешір енді, амал жоқ, сені бұл бағдарламаға қатыстыра аламаймыз. Ренжіме! Әсемді келесі бағдарламаға міндетті түрде қонаққа шақырамыз. Вакцина салдырып келіңіз», – деді шоу жүргізушісі Тәуекел Мүсілім.
Бағдарламаның толық нұсқасын төмендегі сілтемеден көре аласыздар.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
23.11.2026 17:20
Алматыда 23-29 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.11.2026 08:10
Алматыда заңға бағынбаған жастар отшашу үшін айыппұл арқалап жатыр
23.11.2026 10:50
2027 жылы қазақстандықтар қалай демалады
24.11.2026 14:31