Актер мен келіншегінің арасында қандай келісім бар
Ашық сахналардан тартынбайтын актер Дәурен Серғазин мен келіншегінің арасында қандай келісім бар? Бұл туралы ол «Алматы» телеарнасының Paparazzi бағдарламасына берген сұхбатында толығырақ айтып берді.
Пандемия кезінде кинотеатрлардың жұмысы тоқтағанымен, танымал актер Дәурен Серғазин карантинде қол қусырып отырмаған.
«Кино саласында иә, әрине, былтырғы жылы өте аз болды карантинге байланысты. Бірақ мен театрда істегендіктен, жұмыс тоқтаған жоқ. Талаптарды орындай отырып, өз жұмысын жалғастырып келді», – дейді актер.
Дәуреннің жары – актриса. Жолдасының сүйісу мен сезімге толы сахналарына түсіністік танытады. Дегенмен мұндай кадрлар қаншалықты шынайы таспаланады? Актер ашығын айтты.
«Енді 30 адам камера ұстап тұрса, бәрібір кино екенін, бұл жерде басқа адамдар болатынын білесің. Өз-өзіңді қадағалап тұрасың. Енді өнер жолы болғасын, осындай қадамдарға барасың. Кино деген өмірдің айнасы. Неғұрлым шынайылықты көрсету үшін, кейде сондай нәрселерді де істеуге тура келеді», – деді ол. Толығырақ Paparazzi бағдарламасынан көріңіздер!