|
09.09.2023 | 18:26
631

Ерекше беташар, кеме: Zheka-ның тойы қалай өтті

Әлеуметтік желіде Жеңіс Омаровтың тойынан видео тарап жатыр

Ерекше беташар, кеме: Zheka-ның тойы қалай өтті massaget.kz

Zheka Fatbelly лақапатымен танымал блогер Жеңіс Омаровтың тойынан видео тарады. Блогерлердің айтуынша, тойында беташардың бұрын-соңды болмаған әдісі қолданылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Жеңіс Омаровтың тойынан видео тарап жатыр. Жұп Молданазардың "Махаббатым" әніне кеменің үстіне шыққан. 

Ал беташар ерекше түрде өткен. Жаңа түскен келін сәлем салып жатқанда ақ орамал троспен жоғары көтерілген. 

Беташарға әдеттегідей ыдыс емес, сандық қойылған. 

Желі қолданушылары бұл той биыл ең есте қалатын шара екенін айтып, ерлі-зайыптыға бақыт тіледі. 

"Жарайсың, Жека! Бақытты болыңдар, мұндай той болады деп күтпедім", "қатты дайындалғаны көрініп тұр ", "той құтты болсын", "Жека - көз алдымызда көтерілген жігіт! Қуанышыңа ортақпыз", - деп жазған олар. 

Еске салайық, мұның алдында Zheka Fatbelly лақапатымен танылған Жеңіс Омаров сүйіктісіне ұсыныс жасағанын жазған едік. Кейін Zheka Fatbelly-дің қалыңдығы кім екені белгілі болды. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир