Димаш Құдайберген MTV's Friday Livestream-де бірінші орынды иеленді

13.03.2021 в 23:27

Ол жанкүйерлеріне алғыс айтты

Фото: nur.kz

Димаш Құдайбергеннің Across Endless Dimensions  әніне түсірілген клипі MTV USA апталық рейтингісінде бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Almaty.tv.


Димаш оқырмандарына деген ризашылығын Instagram парақшасында жеткізді.

«Маған сеніп, берген дауыстарыңызға алғысымды білдіремін. Мені әрдайым қолдайсыздар. Барлықтарыңызға көп рахмет», – деп жазды әнші.