Пламмер карьерасында 100-ден аса фильмге түскен
«Звуки музыки» фильмінде басты рольдердің бірін ойнаған Оскар сыйлығының иегері Кристофер Пламмер 91 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы Deadline басылымы актердің отбасына сілтеме жасап хабарлады.
«Поющие в терновнике» фильмінің жұлдызы жұмада Коннектикуттағы үйінде қайтыс болғаны хабарланды.
Пламмер карьерасында 100-ден аса фильмге түскен. Актер «Звуки музыки» фильміндегі капитан фон Трапптың ролімен танымал. Ол 2012 жылы «Начинающие» фильміндегі ролі үшін «Оскар» сыйлығын алған, ал 2018 жылы «Все деньги мира» картинасындағы ролі үшін сыйлыққа ұсынылған. Пламмер ойнаған соңғы фильмдер – «Достать ножи» және «Девушка с татуировкой дракона».