Тұрақты оқырмандар үшін жаңалықтар аккаунтындағы жобалар тартымды болмақ
Бірнеше сағат бұрын арнаның ақпараттық қызметінің жаңалықтары жарияланатын ресми аккаунттағы жазылушылар саны 100 000 межеден асты.
Бұл - « Almaty TV жаңалықтары» «күміс» түймеге ие болады деген сөз. Ақпараттық қызмет пен интернет-жобалар бөлімінің журналистері бірнеше жылдан бері осы нәтижеге жету үшін тынымсыз еңбек етіп келеді.
Осылайша жазылушылар санын арттырудың бірінші міндеті шешілді. Енді «Алтын» түймеге ұмтылуымыз керек, бұл дегеніңіз - миллион жазылушы.
Бүгінде «Almaty TV» телеарнаның негізгі YouТube аккаунтында «күміс» және «алтын» түймелері бар. Қазір арнадағы жазылушылардың саны 1 миллион 190 мыңнан асты.
«Алматы» телеарнасының көрермендерінде таңдау бар: сіз тікелей эфирді көре аласыз және кез келген уақытта барлық бейнеконтентті көру үшін YouTube-тің екі ресми аккаунтына жазыла аласыз.
Айта кету керек, арнаның YouTube есептік жазбасы - бірнеше ақпарат ағынының квинтэссенциясы. Бұл – ішкі өндірістегі мыңдаған қаралым жинайтын жаңалықтар, бағдарламалар мен телехикаялар.
Тынымсыз еңбектің нәтижесінде жаңа жетістік – «Алматы жаңалықтары» 100 000 тұрақты көрерменге ие болды. Біздің арнаға тағдау жасаған оқырмандар сіздерге өзекті болмақ. Қызықты және жедел ақпарат таратушылардың еңбегін жоғары бағалап, бұл жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз !