Бүгіннен бастап «Алматы» арнасынан «Өткінші жаңбыр» телехикаясының 2-маусымын тамашалаңыз

25.10.2021 15:56

Комедия және драма жанрларын ұштастырған бұл телехикаяда отбасының қарапайым тыныс-тіршілігі суреттеледі

Көрерменнің ыстық ықыласына бөленген «Өткінші жаңбыр» телехикаясының 2-маусымы бүгін көрермен назарына жол тартпақ.

Қарбалас өмірдегі нәзік жандылардың келбетін суреттеп, тұрмыстық жағдайды дәлме-дәл жеткізетін аталмыш туынды 12 сериядан тұрады.

Комедия және драма жанрларын ұштастырған бұл телехикаяда отбасының қарапайым тыныс-тіршілігі суреттеледі.

Өмірдің шытырман оқиғасына толы телехикаяны көрермендер «Алматы» арнасының эфирінен 25 қазаннан бастап кешкі сағат 20:40-та көре алады.