|
25.11.2020 | 18:23
8956

«Алматы» арнасы көрермендерін тағы бір сериалмен қуантпақ

Сырлас, мұңдас үш құрбы айналасындағы оқиғалар төңірегінде өрбитін «DiNaZaur» телехикаясы жақында көрермендер назарына ұсынылмақ

«Алматы» арнасы көрермендерін тағы бір сериалмен қуантпақ

«Алматы» арнасы көрермендерін тағы бір комедия жанрындағы туындымен қуантпақ, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сырлас, мұңдас үш құрбы айналасындағы оқиғалар төңірегінде өрбитін «DiNaZaur» телехикаясы жақында көрермендер назарына ұсынылмақ.

Динара, Назым және Зәуре – нағыз достар. Олар бала кезден бірге өскен.  Бала кезде  ер балалар оларды «DiNaZaur»  деп мазақтайтын. Үш құрбы мұны тоқтатуға шешім қабылдап, бұзақыны да жазалап алады.

Содан кейін Зәуре, Назым, Динара бір-біріне ешқашан ренжімейтінін айтып, серттесті. Осы жылдар ішінде қыздардың достығы нығая түсті. Қазір олар қаланың әр аймағында тұрады, әртүрлі қызметте жұмыс істейді.

Динара тұрмысқа шыққан, үш баласы бар. Күйбең тіршілік пен күнделікті үй шаруасынан өзіне көңіл бөлетін уақыты жоқ. Балардың тәрбиесі, үй шаруасы, тамақ дайындау, кір жуу т.б. Қазіргі өміріндегі қиындықтарға қарамастан, ол өз өміріне шағымданбайды, керісінше бақытты. Өйткені өмірде ең бастысы – отбасы, деп санайды Динара.

Назым – жалғызбасты ана. Ол ұл тәрбиелеп отыр. Ресторатор. Әйелдің ер адамдардан көңілі қалған.

Зәуренің бір арманы бар, ол  – «ақ боз атты ханзада» табу. Жаңадан танысқандардың жолы болмады. Зәуренің достары бұл мәселені өз қолына алып, көмектесуге шешім қабылдайды.

Динара күйеуі туралы барлық шындықты біле ме?  Назым күйеуіне оралып, толыққанды отбасын қайта құрғысы келе ме? Әйелдер достығы қаншалықты мықты? «DiNaZaur» сериясы нақты өмірге негізделген қарым-қатынас, отбасылық құндылық, тәрбие және шынайы әйелдер достығы туралы әңгімелейді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир