Елімізде 2021 жылы коммуналдық қызметтердің тарифі өспейді

Елімізде 2021 жылы коммуналдық қызметтердің тарифі өспейді
Бұл туралы ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің басшысы Асан Дарбаев мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2021 жылы коммуналдық қызметтердің тарифі өспейді. Бұл  туралы ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің басшысы Асан Дарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше,  қазіргі таңда табиғи монополиялар тарапынан жаңа тарифтерді бекіту туралы 143 өтінім қаралып жатыр. Оның ішінде ішінде қызмет бағасын көтеру туралы ұсыныстар да болған. Сондықтан комитет басшысы бұл мәселе жіті қаралатынын жеткізді.

«Бұған дейін айтып өткенімдей, бізде тариф өзгерісінің орынды болуын реттейтін нақты ережелер бар. Олар – инвестициялық бағдарламардың тартымдылығы, тарифтік сметаларды түзету туралы ережелер. Осының бәрі бізге 2021 жылы халық үшін тарифтерді 2020 жылғы деңгейде сақтауға көмектеседі», – деді ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев.

Сондай-ақ, карантин кезінде мұқтаж отбасылардың коммуналдық шығындарының қаншалықты өтелетініне тоқталды. Бұл мәселенің шешімі салалық мемлекеттік органдардың, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, әкімдіктердің бірлескен шешіміне байланысты болатын көрінеді. Сонымен қатар, Асан Дарбаев биыл көктемде халықтың бір бөлігінің коммуналдық шығыны өтелгенін еске салды.

«Біз үнемі дебиторлық қарыздар туралы мониторинг жұмыстарын өтікізіп тұрамыз. Өткен жылмен салыстырғанда, 2020 жылы дебиторлық берешектер біршама азайған. Биыл  66 млрд болса, былтыр 68 млрд-ты құрап отыр», – деді ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев.

Новости партнеров