Алматы –1000 жылдық тарихы бар қала. Қазақстан Республикасының алғашқы астанасы. Еліміздің ғылыми, мәдени, тарихи, өндірістік және қаржы орталығы.
Квесттің негізгі тақырыбы – Алматы тарихы. Әр сұрақ пен сынақ мегаполиске тікелей байланысты.
Квест-ойынына 12 адам қатысады. Олар елімізге белгілі актерлер, блогерлер, әншілер, тележүргізушілер мен спортшылар.
Квест қатысушылары ойын барысында түрлі кедергілерге тап болады.
Жобаның басты мақсаты – қаланың бүкіл көрікті жері мен мәдени орталықтарын көрсету. Сонымен қатар, осы тапсырмалар арқылы қаланың мәдени ошағы саналатын театр, мұражай және кітапханаларын кеңінен насихаттау.
Сынақтан өту кезінде жоба қатысушылары жүргізуші қойған сауалдарға ашық және нақты жауап береді. Бұл сұрақтар қатысушылардың шығармашылығы мен жеке өміріне қатысты болуы мүмкін. Шоу әзіл ойындардан да тұрады.
«Таңғы STUDIO» бағдарламасында квест қатысушысы – әнші Ayree мен тележүргізуші Анара Батырхан қонақта болды.
Олар түсірілім барысы мен квест-ойыны барысында қойылған сұрақтар жайлы айтып берді.
«Алматы – менің сүйікті қалам» интеллектуалды квест-ойыны 20, 21, 22 қыркүйек күндері «Алматы» телеарнасында көрсетіледі. Біздің арна қосулы болсын!
Квест-ойынын тікелей эфирден мына сілтеме арқылы көре аласыз: https://almaty.tv/kz/broadcasting