«Алматы» телеарнасы және Salem social media-ның бірлескен жобасы - «НЯНЯ» сериалының жабық көрсетілімі өтті.
Кез келген қыз-келіншек алдына мақсат қойып, оған жете алады. Әйел затының бойындағы құпияны ашуға тырысқан «НЯНЯ» сериалы – Қазақстанда цифрлық медиа мен диджитил медианың бірге жүзеге асырған алғашқы жобасы екенін атап өткен жөн. Сондықтан да «Алматы» телеарнасы директорының орынбасары Жәнат Маметова үздік жоба болатынына сенімді.
«Бүгінгі тұсау кесер құтты болсын! Бұл – «Алматы» телеарнасы және Salem social media-мен бірлесе жасаған жоба. Үздік рейтинг болсын! Қазақстанда цифрлық медиа мен диджитил медианың бірге жүзеге асырған алғашқы жобасы екенін атап өткен жөн. Сондықтан үздік жоба болады деп сенемін!», – деді «Алматы» телеарнасы бас директорының бірінші орынбасары Жанат Маметова.
Сериал кәйіпкері – жалғызбасты ана. Отбасындағы озбырлықтан қашқан келіншектің міндеті – ұлын асырау. Бай әрі қатал әйелдің үйіне бала күтуші болып жұмысқа орналасқан Жанар кәсіппен айналысады. Телесериалдың режиссері Олжас Ермекбаев Жанардың өмірін көрсету арқылы, тағдыр тәлкегіне түскен әйелдер қауымына қиындықпен күресуге күш-жігер сыйлауды мақсат тұтыпты.
«Идея – әйелдер үшін жақсы мотивация беру. Қандай қиындыққа тап болсаңыз да, тек өзіңізге сеніңіз, алға ұмтылыңыз! Негізі идея менікі емес, қыздар әңгімені жазып, маған ұсынды, содан кейін отырып, ақылдаса келе, шешім қабылдадық. Бастама сәтті болады деп сенемін, көрерменге, қыздарға үміт сыйлайды», – деді режиссері Олжас Ермекбаев.
Жабық көрсетілімде жобаның алғашқы 2 бөлімі көрсетілді. Ал телесериалды демалыс күндері сағат 22:00-де «Алматы» телеарнасының эфиірінен көре аласыздар.