Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарын суреттейтін телесериал түсірілді

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарын суреттейтін телесериал түсірілді
Телехикая 4 қазаннан бастап дүйсенбі-жұма аралығында сағат 20:40-та «Алматы» телеарнасынан көрсетіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматы» телеарнасы Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде – тоқырау жылдарында өмір сүрген ерлі-зайыптылардың отбасылық өмірін көркем суреттейтін «Бақыттымын өзіңмен» атты жаңа телехикая түсірді. Аталмыш төл туынды драма және романтикалық комедия жанрын қамтып, сол кезеңдегі шынайы тұрмысты әсерлей жеткізеді. Ал жұрт асыға күткен сериал көп ұзамай көрерменге жол тартады, деп хабарлайды Almaty.tv

«Сапалы сахналармен, сәтті кадрлерден тұратын телехикаяның басты ерекшелігі заманның құбылмалы сәттерін ашып көрсетіп, боямасыз баяндап береді. Мәселен, жалданбалы жұмысқа жарымай жұрген жұрттың жұпыны кейпін кадрмен көрсету – сериалдағы бірден-бір басымдылық. Оның сөзінше, жұмыссыз жүріп бұзақылыққа бет бұрған адамдардың тағдыры мен оқуға ұмтылғандардың жетістігі қатар суреттелетін кинотуынды кейіпкерді қай қырынан болмасын, анық айшықтайды. Ал басты кейіпкер тура жолдан тайған жолдасын сериал барысында жөнге салып отырады», дейді режиссер Төребек Бисебаев.

Режиссердің айтуынша, іріктеу жоспарлаған уақыттан кешірек басталған. Соған қарамастан лайықты әрі мықты актерлер іріктеліпті.

«Кейіпкерлерімізді әр жақтан іздедік. Көбінесе Нұр-Сұлтан, Жезқазған және Ақтөбе қалаларынан іріктеулер өтті. Актерлеріміз өте мықты. Көңілімнен шықты», – деді ол.

Рөлдердің бірінде ойнайтын актриса өзі сомдаған кейіпкердің сюжеті өмірде болып жатқан оқиғаларды шебер суреттейтінін айтады.

«Мен Серік деген кейіпкердің әйелі Сандуғашты ойнаймын.  Рөлде бұрыннан кездесіп жүретін жұпты сомдаймыз. Аяғым ауыр боп қалады. Бірақ менің ата-анам ол жігітке бергісі келмейді. Бүкіл қиындыққа төтеп беріп, соңында махаббат жеңіп шығып, екеуі қосылады», – дейді актриса.

Айта кетейік, «Бақыттымын өзіңмен» атты сериалдың міндеті – Тәуелсіздік жетістіктерін бір қаланың, мекеменің өмірі мен бірнеше кейіпкердің өмірі арқылы насихаттау.

Телехикая 4 қазаннан бастап дүйсенбі-жұма аралығында сағат 20:40-та «Алматы» телеарнасынан көрсетіледі.

Новости партнеров