Тарихи телехикаялар мен айрықша жобалар: «Алматы» телеарнасы жаңа маусымын бастады

Тарихи телехикаялар мен айрықша жобалар: «Алматы» телеарнасы жаңа маусымын бастады
Телеарна эфирі жаңалыққа толы жаңа бастамалармен толықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматы» телеарнасында – жаңа маусым! Жыл сайын өз көрерменін тың телевизиялық жобалар және телехикалармен қуантатын арна ұжымы биыл да бұл дәстүрден жаңылмады. Көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген бірнеше бағдарламалар жалғасын тапса, тың жаңалыққа толы жаңа бастамалар да көп, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.     

Күз мезгілі – телевизия мамандары үшін жаңа маусымның бастауы. Осы дәстүрді үзбеген «Алматы» телеарнасы өз көрерменін жаңашылдықпен қарсы алғалы отыр. Биылдың басты жаңалығы  – «Қызыл жебе» телехикасы. Еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мұрындық болуымен, «Алматы» телеарнасының тапсыры бойынша түсірілген фильм Шерхан Мұртазаның трилогиясына негізделген. Телехикаяда қазақ халқының ұлы перзенті, мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың өмірі баянадалады. Жаңа туынды «Алматы» телеарнасынан 11 қазаннан бастап көрсетіледі.    

«Біз бұл телехикаяны толықметражды кино түсіргендей етіп түсірдік. Оның локациясы, костюмі, 1916-шы жылдардағы реконструкциясы бар. Ғимарат, түрме, паровоз, бәрі бұрынғыша. Түрксібте салынған жол да бейнеленген, оның бәрі үлкен жұмыс», - дейді «Қызыл жебе» телехикаясының продюсері Ілияс Ысқақов. 

Жаңа маусымның тағы бір жарқын жобаларының бірі – 30 сериялық «Тәуелсіздік белестері» деректі фильмі. 1991 жылдың басында күн тәртібінде тұрған саяси тезистердің, табанды қабылданған шешімдердің, тарихи оқиғалардың куәсі болғыңыз келсе, әр аптаның сенбісінде сағат 15:00-де «Тәуелсіздік белестерін» көріңіз.

Телеарнадағы тағы бір маңызды бағдарламының бірі – «IQ Almaty» зияткерлік жобасы. Мақсат – студенттер мен оқушылардың логикалық және шығармашылық ой-өрісін дамыту, топпен бірге жұмыс істеу арқылы білім нәрін сіңіру. Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ең білімді жастар бас жүлде 2 млн теңгені қанжығылады.

Жаңа маусымдағы ерекше жобалардың бірі – «Tik Tok House» ситкомы. Бірнеше апта бұрын көрерменге жол тартқан сериал YouTube арнасында жоғары қаралымға ие. Ал көпшілік көрерменнің көңілінен шыққан, «Өткінші жаңбыр» мен «DiNaZaur» телехикаяларының жаңа маусымы түсіріліп, жалғасын тапты. Сонымен қатар, «Бақыттымен өзіңмен» және «Бапкер» атты жаңа драмалық сериалдарының тұсауы кесіледі.

«Жобаның шағын ролигін көрген кезде кейіпкер «Тәуелсіздік алғанымызға 4 жыл болды» деп қалды. Демек, бұл 1994-95 жылдар. Бұл біздің балалық шағымыз өткен жылдар, ол кезде оқушы болдық. Біз үшін сол жылдар ыстық. Сол кездегі Алматының бейнесін көреміз деп ойлаймын», - дейді «Ана тілі» газеті бас редакторының бірінші орынбасары Қарагөз Сімәділ.  

«Соның ішінде «Бақытты отбасы» деген жоба көңілімнен шықты. Бұл – қиындыққа тап болып, артынан соны жеңе білген адамдарды көрсету, соларды насихаттау. Басқа адамдарға күш-қуат береді, қиындыққа мойымауға жетелейді», - деді «Заң» газетінің бас редакторы Айнұр Сембаева.

Одан бөлек, жаңа маусымда арнаның ақпараттық саласы дамылсыз әрі демалыссыз жұмысын жалғастырады. Анық та айқын ақпарттар легін біздің арна тілшілері дайындаған жаңалықтардын ең бірінші болып естіңіз. Әр сәрсенбі сайын сағат 19:00-де қала әкімінің қатысуымен Akimat LIVE бағдарламасы өтеді. Тікелей эфирде қала халқы қордаланған сұрақтарын қойып, жауап ала алады. «Басты назарда» бағдарламасында түрлі сала басшылары қонақ болып, түйіні шешілмеген сұраққа нүкте қояды.  

Ұлағат Арғын, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров