|
08.04.2023 | 15:41
3036

Қазақстандық желаяқ, Әлем чемпионы Нора Джеруто допинг дауына ілікті

Мұндай шешімді жеңіл атлетикадағы жағымсыз құбылыстармен күресетін тәуелсіз орган Athletics Integrity Unit (AIU) қабылдаған

Қазақстандық желаяқ, Әлем чемпионы Нора Джеруто допинг дауына ілікті Фото: Sport24.ru

Жеңіл атлетикадан Әлем чемпионы, Қазақстан құрамасының мүшесі, Altay Athletics клубының жетекші желаяғы Нора Джеруто допинг қолданды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Осылайша 27 жастағы желаяқ алда болатын жарыстардан уақытша шеттетіліп отыр. Мұндай шешімді жеңіл атлетикадағы жағымсыз құбылыстармен күресетін тәуелсіз орган Athletics Integrity Unit (AIU) қабылдаған.

AIU сайтында Нора Джерутоның күдікке ілінгені туралы жазба 5 сәуірде берілгені айтылған. Тағылып отырған күдіктің егжей-тегжейі туралы мәліметте: «Тыйым салынған затты/тәсілді (ABP) қолдану (2.2 бап)», – деген сипаттам берілген.

Кения тумасы Қазақстанға 2017 жылы қоныс аударып, 2019 - 2022 жылдар аралығында Қазақстан атынан жарыстарға қатысу құқығын рәсімдеумен айналысты. Оған дейін Өскеменде іргесі қаланған Altay Athletics клубының атынан сынға түсіп жүрді.

Былтырдан бері Қазақстан атынан ресми жарыстарға қатыса бастаған спортшы 3000 метр қашықтыққа кедергілермен жүгіру сайысында Әлем чемпионы атанған болатын. Бұл Қазақстанның аталған спорт түрінен Әлем біріншілігінде иеленген алғашқы алтын медалі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир