Өзбекстанда тасжолда келе жатқан жүк көлігі жарылып кетті

kaz.tengrinews.kz
kaz.tengrinews.kz
Ташкент-Ош халықаралық тасжолының 259-шақырымында, Камчик асуында болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өзбекстанда лак-бояу өнімдері тиелген жүк көлігі еңіске түсіп келе жатқанда жылдамдығы артып, аударылып, жарылып кетті. Жартылай тіркемедегі өнімдер асфальтқа төгіліп, өртеніп кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, оқиға 6 сәуірде күндіз Ташкент-Ош халықаралық тасжолының 259-шақырымында, Камчик асуында болған. Сағат 11:10 шамасында соқтығыс салдарынан жүк көлігі өртеніп, тағы үш көлікті соққан. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде тарап кетті.


"Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жасағы жетіп, олар өртті 25 минут ішінде сөндірді. Өртті сөндіру кезінде асудың бір жағы уақытша жабылды", - деп түсіндірді министрлік.

Қозғалыс 12:30-да қалпына келтірілгені атап өтілді.

"Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 адам зардап шекті, олар жақын маңдағы медициналық мекемеге жатқызылды. Өрт толығымен сөндірілгеннен кейін жүргізуші жүк көлігінде қаза тапқаны белгілі болды", - деп толықтырды ведомство өкілдері.

Новости партнеров