Әлем кубогі: стенд атудан Әсем Орынбай алтын медаль иеленді

24.05.2023 20:03

Турнирге әлемнің 42 елінен 300-ден аса спортшы қатысып жатыр

instagram.com/kazshooting

Стенд атудан Әлем кубогінің кезеңінде Әсем Орынбай алтын медаль иеленді. Бұл – Алматы облысында өтіп жатқан сайыстағы Қазақстан командасының қоржынына түскен алғашқы медаль, деп хабарлайды Almaty.tv.

Отандық спортшымыз скит бағдарламасында топ жарды. Финалда Әсем Орынбай мен үндістандық Ганемот Секхон тең түсіп, қосымша мүмкіндікте жерлесіміз алға шықты. Ал күміс те, қола да үнді спортшыларының еншісінде кетті. Айта кетейік, турнирге әлемнің 42 елінен 300-ден аса спортшы қатысуда. 20 Мамырда басталған жарыс 29 мамырға дейін жалғасады. 

– Жарыс өз елімде өтіп жатқандықтан қобалжу басым болды. Себебі жауапкершілік еселей түседі. Барлығы міндетті түрде медаль күтеді. Сол қобалжуды еңсеріп, жеңіске жеткеніме қуаныштымын, – деді спортшы Әсем Орынбай.