|
10.11.2022 | 08:43
4655

Әлем чемпионатына іріктеу: Қазақстан құрамасы Черногорияны ірі есеппен ұтты

Осылайша, Қазақстан құрамасы негізгі кезеңнің 5-тобындағы көшбасшылығын нығайтты

Әлем чемпионатына іріктеу: Қазақстан құрамасы Черногорияны ірі есеппен ұтты kff.kz

Алматыда футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінің матчы өтті. Онда Қазақстан құрамасы Черногория құрамасын қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл ойында қазақстандықтар 7:0 есебімен жеңді. Голдарды Дуглас (2-минут), Әбдірасул Әбдіманапұлы (4), Арнольд Кнауб (15), Альберт Ақбалықов (21), Біржан Оразов (25, 25) және Азат Валиуллин (40) соқты..

Осылайша, Қазақстан құрамасы тоғыз ұпай жинап, негізгі кезеңнің 5-тобындағы көшбасшылығын нығайтты. Командалардың қазіргі уақыттағы турнирлік кестесі төмендегідей: Қазақстан – 9 ұпай (3 матч), Словения – 3 ұпай (2 матч), Черногория – 0 ұпай (3 матч). Турнир ережесі бойынша командалар өз алаңында және сырт алаңда бір-бірімен бір матч өткізеді. Топтың он екі жеңімпазы мен үздік төрт екінші орын алғаны тікелей Элиталық раундқа өтеді. Өз топтарында екінші орын алған тағы сегіз команда плей-офф кезеңіне шығады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир