Головкин Жапониядағы жекпе-жегі алдында жаңа мәлімдеме жасады

28.03.2022 в 13:46

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) көптен күткен жекпе-жегі алдында Instagram парақшасында жаңа жазбасымен бөлісті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бірнеше күн өткен соң біз Жапонияға баруға дайын боламыз», - деп жазды GGG бұл жазбасында.

Еске салайық, 9 сәуір күні Головкин Сайтамада (Жапония) WBA Super титулының иегері Риота Муратамен (16-2, 13 КО) айқасады. Қазақстандық боксшы бұл жекпе-жекке орта салмақтағы IBF және IBO чемпиондық белдіктерін тігеді.