Гимнастшымыз Эльжана Таниева ұршық жаттығуы, доп және таспа жаттығуларының финалдарында өнер көрсетті
Болгарияның София қаласында көркем гимнастикадан Әлем кубогы аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Гимнастшымыз Эльжана Таниева ұршық жаттығуы, доп және таспа жаттығуларының финалдарында өнер көрсетті. Финалдар қорытындысы бойынша Эльжана Таниева 30.900 ұпаймен 2-орынға ие болды.
Үздік үштікті өзбекстан спортшысы Тахмина Икромова бастаса, 3-орын бразилиялық Барбара Домингосқа бұйырды.