Криштиану Роналду футболдан әлемдік рекорд орнатты
© ТАСС
Бұл Роналдудың спорттық жолындағы жеңіліссіз өткізген 1001 матчы еді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Португалия мен саудиялық «Аль-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду футболдан әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясынан мәлім еткендей, Сауд Арабиясы чемпионатының жетінші турында «Аль-Наср»«Аль-Ахли» клубын 4:3 есебімен тізе бүктірді.
Бұл Роналдудың спорттық жолындағы жеңіліссіз өткізген 1001 матчы еді.
Соның ішінде 777 жеңіс болса, 224-і тең ойын.
Криштиану «Аль-Наср» сапында 28 (барлығы 33), «Ювентуста» 114 (134), «Реалда» 386 (438), «Спортингте» 21 (31), Португалия құрамасында 158 (201) ойында ұтылмаған. Ол барлығы 1183 кездесуге қатысқан.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
06.11.2026 08:10
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
06.11.2026 10:34