Бокстан Сербияда өтіп жатқан Әлем чемпионатында отандасымыз Сәкен Бибосынов олимпиада жеңімпазын ұтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
51 келі салмақта сынға түскен спортшымыз алғашқы айналымда өзбекстандық Хасанбой Досматовпен жұдырықтасып, тізе бүктірді. Сәкен бұл жекпе-жекте ұпай айырмасымен басып түсіп, келесі кезеңде үндістандық боксшымен кездеседі.
«Бұл жерде рейтингпен жеребе болған жоқ. Жеребеге байланысты екеуміз бірінші кездесуде жолықтық. Аллаға шүкір жеңіске жеттім. Бапкерлердің тапсырмасын бұлжытпай орындадым. Токиодағы есемді осы әлем біріншілігінде алтынға айырбастаймын. Сол үшін келдім», – деді бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Сәкен Бибосынов.
Одан бөлек, 75 келі салмақта өнер көрсететін тағы бір боксшымыз Нұрқанат Райыс та бірінші жекпе-жегін сәтті өткізіп, черногориялық қарсыласын айқын басымдықпен ұтты.
«Бәрі ойдағыдай болды. Жаттықтырушының нұсқауын жасадық. Енді басқа жекпе-жектерге де жақсылап дайындалып, бұдан да тамаша ойын көрсетеміз деген ойдамын», – деді бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Нұрқанат Райыс.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!