Данияр Елеусіновтің чемпиондық жекпе-жегі кейінге қалдырылды
Фото: ашық дереккөзден
Елеусінов — Голуб жекпе-жегі 25 маусымда АҚШ-та өтеді деп жоспарланған еді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (12-0, 8 КО) пен украиндық Иван Голубтың (20-1, 15 КО) кездесуі белгісіз мерзімге ауыстырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Елеусінов — Голуб жекпе-жегі 25 маусымда АҚШ-та өтеді деп жоспарланған еді. Қазақстандыққа тиесілі IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы титулы сарапқа салынған. Ұйымдастырушылар айқастың қашан өтетінін әзірге айтпады. Данияр Елеусінов IBO белбеуін желтоқсанда аргентиналық боксшы Хуан Эрнан Леалді (15-3, 4 КО) төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіп алған еді. Содан бері Елеусінов рингке шықпады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52