Алматылық "Қайрат" футбол клубы Қазақстан премьер-лигасының алтыншы турындағы матчте "Астананы" 3:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Ойын 4 қазанда Алматының Орталық стадионында өтті.
Алғашқы голды "Қайраттың" жартылай қорғаушысы Гүлжігіт Алықұлов 24-минутта салды. Қырғызстандық легионер бірінші соққысында допты қақпашыға тигізді, алайда соңына дейін жеткізуге тырысқан ол допты қақпаға салды.
Екінші таймның 47-минутында Айбол Әбікен командасының есебін еселеді, ал екі минуттан кейін "Астана" қорғаушысы Урош Радокович Алиқұловтың соққысына төтеп беремін деп допты өз қақпасына теуіп жіберді.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от «ҚАЙРАТ» ФК | FC KAIRAT (@f.c.kairat)4 Окт 2020 в 11:59 PDT