Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатында бүгін 1/8 финалында Бразилия мен Оңтүстік Корея құрамалары кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бразилиялық футболшылар ойынды өте қарқынды бастады. Бірінші кезеңнің өзінде қарсылас құрама қақпасына төрт гол соғылды.
Алдымен Винисуис Жуниор 7-минутта есеп ашса, 13-минутта Неймар пенальтиден мүлт кеткен жоқ.
Ал 26-минутта Ришарлисон есепті үстемелесе, 36-минутта Лукас Пакета гол соқты.
Корейлік футболшылар гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Нәтижесінде 76-минутта Пэк Сын Хо есеп айырмасын қысқартты.
Осылайша Бразилия қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсті.
Енді олар ширек финалда 9 желтоқсанда Хорватиямен кездеседі.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!