27 желтоқсанда Дубайда өткен салтанатты шарада Globe Soccer Awards (жыл сайын футболдағы жетістік үшін беріледі - еск.) сыйлығының түрлі аталым бойынша иегерлері аталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"ХХІ ғасырдың үздік ойыншысы" (2001-2020 жылдар аралығында) атағын "Ювентус" сапында ойнайтын 35 жастағы Криштиану Роналду алды. Бұл аталымда Месси, Мохамед Салах және Роналдиньо оған қарсылас болды.
Сондай-ақ португалиялық спортшы дауыс беру нәтижесі бойынша Роберт Левандовский мен Лионель Мессиден озып, 2020 жылдың да үздік футболшысы атануы керек еді. Алайда қазылар алқасы сыйлықты "Бавария" шабуылшысына беруді ұйғарды. Левандовский өткен маусымда "Бавария" сапында 47 матч ойнап, 55 гол соқты. Германия бомбардирі атанды және клубпен Чемпиондар лигасында жеңіске жетті.
2020 жылдың үздік бапкері "Бавариямен" жұмыс істейтін Ханс-Дитер Флик аталды.