Парижде жылдың үздік футболшысына берілетін «Алтын доп» марапатын тапсыру рәсімі өтті. Жетінші рет беделді марапатты Аргентина құрамасының 34 жастағы шабуылшысы және «Пари Сен-Жермен» ойыншысы Лионель Месси жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Аталған марапатты франциялық «France Football» журналы 1956 жылдан бері тұрақты түрде өткізіп келеді. Биыл жылдың үздік ойыншысы атағынан үміткерлер қатарында 30 футболышының есімі аталды.
Атап айтқанда, олар: Николо Барелла («Интер»), Карим Бензема («Реал»), Леонардо Бонуччи («Ювентус»), Кевин де Брёйне («Манчестер Сити»), Джорджо Кьеллини («Ювентус»), Криштиану Роналду («Манчестер Юнайтед»), Рубен Диаш («Манчестер Сити»), Джанлуиджи Доннарумма («ПСЖ»), Бруну Фернандеш («Манчестер Юнайтед»), Фил Фоден («Манчестер Сити»), Эрлинг Холанд («Боруссия» Д), Жоржиньо («Челси»), Гарри Кейн («Тоттенхэм Хотспур»), Н’Голо Канте («Челси»), Симон Кьер («Милан»), Сесар Аспиликуэта («Челси»), Роберт Левандовски («Бавария), Ромелу Лукаку («Челси»), Рияд Марез («Манчестер Сити»), Лаутаро Мартинес («Интер»), Килиан Мбаппе («ПСЖ»), Лука Модрич («Реал»), Жерар Морено («Вильярреал»), Мейсон Маунт («Челси»), Неймар («ПСЖ»), Педри («Барселона»), Мохамед Салах («Ливерпуль»), Рахим Стерлинг («Манчестер Сити»), Луис Суарес («Атлетико»).