Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Майамиде өтіп жатқан WTA-1000 турнирінде алғаш рет ширек финалға шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина кезекті жеңісіне қол жеткізді. Кеше ол АҚШ-тың Майами кортында өтіп жатқан Мастерс турнирінде белгиялық Элиз Мертенстен басым түсті. Бұл жерлесіміз үшін тарихи жеңіс, себебі бұған дейін ол ондай турнирдің үшінші айналымынан аса алмаған. Ал бұл жолы ширек финалға өтті.
Айта кетейік, 26 наурызда Рыбакина испандық Паула Бадосадан басым түскен еді. Кездесу 3:6, 7:5 есебімен аяқталды. Еленаның кордты бөлісетін келесі қарсыласы (әлемнің 24-ші ракеткасы), италияндық Мартина Тревизан. Олар бұған дейін ойнап көрмеген.
Оқи отырыңыз: Елена Рыбакина АҚШ-тағы ірі турнирде жеңіске жетті