|
28.03.2023 | 09:24
388

АҚШ-та мектепте атыс болып, үш бала қаза тапты

Полиция мәліметінше, оқиға Нэшвилдегі Бертон-Хиллз бульварында орналасқан мектепте болған

АҚШ-та мектепте атыс болып, үш бала қаза тапты Фото: MNPDNASHVILLE

АҚШ-тың Теннеси штатындағы жекеменшік христиан мектебінде атыс болып, 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv. 


Көз жұмғандардың үшеуі – бала, үшеуі – ересек. Бұл туралы BBC ақпарат агенттігі хабарлады. Жергілікті полицияның дерегінше, оқ жаудырған әйел – 28 жастағы Нэшвил қаласының тұрғыны. Екі жартылай автоматты мылтықпен және тапаншамен қаруланған қылмыскер шақыруға жедел жеткен тәртіп сақшыларымен атыс кезінде мерт болды. Қайғылы оқиғадан кейін қала билігі қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты. Ал ел Президенті Джозеф Байден мұны «кез келген отбасы үшін қаралы жағдай» деп, Конгресске қару-жарақтың бірнеше түріне тыйым салуды тапсырды. Сондай-ақ 31 наурызға дейін барлық мемлекеттік ғимаратта туды түсіруге бұйрық берді. Айта кетейік, жыл басынан бері АҚШ-тың 12 мектебінде осындай жағдай болды.

«9 жасар балалар қаза тапты. Сондай-ақ мектеп әкімшілігінің қызметкері, күзетші мен мұғалімнің көмекшісі оққа ұшты. Марқұмдардың денесін ғимараттан алып шыққанда, көзіме еріксіз жас келді. Әзірге бейнебақылау камерасынан қарап, қылмыскердің бұл әрекетті алдын ала жоспарлағанын айта аламыз. Болжам бойынша, оқ жаудырған азамат мектепте оқығаны үшін ызалы болған», – деді Нэшвил полициясының бастығы Джон Дрейк.







Оқи отырыңыз: АҚШ-та шоколад фабрикасында жарылыс болды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир