Нұр-Сұлтанда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалы өтеді

07.10.2021 14:10

Мәнерлеп сырғанаудан «Challenger» бәсекесінің VII кезеңі Нұр-Сұлтан қаласында 28-31 қазан аралығына жоспарланған

egemen.kz

Елордада мәнерлеп сырғанаудан әлемдік «Denis Ten Memorial Challenge» додасы өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәнерлеп сырғанаудан «Challenger» бәсекесінің VII кезеңі Нұр-Сұлтан қаласында 28-31 қазан аралығына жоспарланған. «Барыс Аренада» өтетін жарысқа 20 елден 100-ден астам спортшы қатысады. Қатысушылар арасында әлем чемпионатының жүлдегерлерімен қатар, 2022 жылғы Олимпиада ойындарында бақ сынайтын спорт шеберлері бас қосады.

Халықаралық конькишілер одағының (ISU) аясында аталған жарыс екінші рет ұйымдастырылмақшы.