Дәрігерлер ауыр ішкі жарақаттар алған спортшынының өмірін құтқара алмады
Пәкістанда бокстан жекпе-жек қайғылы жағдаймен аяқталды. Боксшы Мұхаммед Аслам хан нокауттан кейін қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі The Sun-ға сілтеме жасай отырып.
Нокаут алған 27 жастағы спортшы Карачидегі ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер ауыр ішкі жарақаттар алған спортшынының өмірін құтқара алмады.
Пәкістан баспасөзі жекпе-жек ұйымдастырушылары қауіпсіздік талаптарын дұрыс сақтамағаны туралы жазып жатыр. Мысалы, рингте дәрігерлер болмаған.
Спортшы тек бокспен айналыспаған. Қосымша Пәкістан сайлау комиссиясында да жұмыс істеген.