Асқар Тоқпанов ауылында жаңа спорт нысаны ашылды

29.04.2024 22:12

Жаттықтыру залы «Қазақстан халқына» қорының демеушілігімен, «Batyr Bolamyn» қорының мұрындық болуымен салынған

stan.kz


Алматы облысы Асқар Тоқпанов ауылында жаңа спорт нысаны ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тұсауы кесілген жаттықтыру залы «Қазақстан халқына» қорының демеушілігімен, «Batyr Bolamyn» қорының мұрындық болуымен салынған. Зәулім ғимаратқа еркін күрестен Азия чемпионатының жеті дүркін жүлдегері, қазақстандық палуан Дәулет Ниязбековтың есімі берілді.

– Бұл – жергелікті азамттар бірлесіп, Дәулет Ниязбеков бауырымыз басы-қасында жүріп салған залы.  Бірақ ішіндегі жабдықтарды «Batyr bolamyn» қоры әкеліп отырмыз. Көп ауылда спорт деңгейі мектептің спорт залынан аспайды. Күрес, бокс залдары жоқтың қасы. Өз тарапымыздан үлес қосып, дамытсақ деген ой бар, – деді «Batyr bolamyn» қорының президенті Ернұр Сәбікенұлы.

300 балаға дейін қабылдай алатын спорт мектебіне еркін күрестен күніне 50-60 шәкірт келе алады. Сонымен қатар ғимарат ішінде күрес кілемшесі мен түрлі физикалық жаттығуға арналған жабдықтар бар. Ал игі бастамаға арнайы келген қонақтар қатарында Сидней Олимпиадасының жеңімпазы Ермахан Ыбырайымов та бар.

– Күреске арнап салынған. Бірақ біз боксты қостық, бәрін қамтимыз деп ойлаймын. Ең басты мәселе - чемпион шығару емес, ұрпақты дұрыс тәрбиелеу. Сондықтан мұғалімдері, жаттықтырушылары, Дәулет Ниязбеков ағамыз қадағалайды, – деді блогер Нұрдәулет Бектұрсын.

Оқи отырыңыз: Senat Open: Алматыда шахматтан іріктеу турнирі өтті