Алматыда «Senat Open» турнирінің іріктеу кезеңі өтті. Шахмат мәдениетін дамытудағы маңызды қадамға айналған жарыс Сенат төрағасының бастамасымен, Қазақстандық Шахмат федерациясының қолға алуымен ұйымдастырылған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Интеллектуалды ойын барлық шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаттарын, Қоғамдық кеңес мүшелері мен ардагерлер кеңесін, БАҚ өкілдерін біріктірді.
– Шахмат – ардагерлердің сүйіп ойнайтын ойыны. Бұл жерде бәсеке өте жоғары деңгейде өтеді. Соның ішінен мықтылардың мықтысы ғана жеңіп алады. Өзім де ойнаймын, жүлде алмасам да, осы ортада жүру ұнайды, – деді Алатау аудандық ардагерлер төрағасының орынбасары Нұрқасым Тоқмолдаев.
Тартысты бәсекеге 100-ге жуық белсенді қатысты. Тұңғыш рет өткізіліп отырған бастаманы жыл сайынғы дәстүрге айналдыру жоспарда бар, - дейді ұйымдастырушылар. 9 турдан тұрған іріктеуде 25 үздік ойыншы анықталып, келесі кезеңге өтті.
– Турнир 3 турдан тұрады. Алматы қаласында іріктеу жасап жатырмыз. Одан кейін тамызда жалпы өңірлік іріктеу болады. Ал күзде республикалық деңгейде өтетін болады, – деді қалалық мәслихат төрағасы Мейіржан Отыншиев.
Оқи отырыңыз: Бочча жеңімпаздары марапатталды
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!