Олимпиада-2024: Нұрбек Оралбай күміс медаль иеленді
Кадр из видео
Ол финалдық кезеңде украиналық Александр Хижнякпен бақ сынады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бокстан 80 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған қазақ боксшысы Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұрбек Оралбай финалдық кезеңде украиналық Александр Хижняктан жеңіліп, күміс медальді еншіледі.
Айта кетейік, қазақстандық боксшы жартылай финалда доминикандық Кристиан Пиналесті жеңсе, ширек финалда Мурад Аллахвердиевті (Әзірбайжан) тізе бүктірген болатын.
Сонымен, Қазақстан қоржынында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль бар.
Оқи отырыңыз: Қазақстан қоржыны тағы бір қола медальмен толықты
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
28.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
27.10.2026 09:40
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
28.10.2026 11:06
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
28.10.2026 21:47