Нәтижесінде қарсыласын 6:1 есебімен сүріндірді
Футболдан UEFA Ұлттар лигасында екінші туры мәресіне жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл күнгі негізгі кездесу Бельгия мен Польша құрамалары арасында өтті. Алғашқы турда Нидерланды құрамасына 1:4 есебімен ойсырай жеңілген бельгиялық құрама жанкүйерлер алдында жақсы ойын өрнегін көрсетті. Нәтижесінде қарсыласын 6:1 есебімен сүріндірді.
Олардың қатарынан Аксель Витсель (42-минут), Кевин Де Брёйне (59-минут), Леандро Троссард (73, 80, 83-минуттар), Луа Опенда (90-минут) гол соқса, оған польшалық Роберт Леандовски (28-минут) бір голмен жауап қайырды.
Аталған топтағы Нидерланды сырт алаңда Уэльсті 2:1 есебімен жеңіп, екі ойыннан кейін алты ұпаймен көш басында тұр.
Бұл күнгі өзге ойын нәтижелері төмендегіше:
В лигасы 1 топ
Шотландия - Армения 2:0
Ирландия - Украина 0:1
Бүгін, 9 маусымда үшінші тур ойындары басталады. Қазақстан құрамасы ертең, 10 маусымда сырт алаңда Беларусьпен кездеседі.
Еске салсақ, бұдан бұрын екі ойында жеңіске жеткен қазақстандық футболшылар өз тобында бірінші орында келеді.