Головкин мен Фалькао командасының өкілдері әлі пікір білдірген жоқ
Геннадий Головкин (42-2-1, 37 KО) WBA мен IBF ұйымдарының бірлескен шешімімен титулдарын бразилиялық үміткер Эскива Фалькаоға (30-0, 20 KO) қарсы жекпе-жекте қорғайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Головкинге орта салмақта WBA-ның екінші титулын иеленген Эрисланди Ларамен (29-3-3, 17 KO) жекпе-жек өткізуге келісу үшін 30 күн берілген. Бұл мерзім бітер кезде GGG-ге қарсылас ретінде Фалькао бекітілді.
Головкин мен Фалькао командасының өкілдері әлі пікір білдірген жоқ, себебі ұйымдар әлі ресми хабарламаған.