Ауыр атлетика федерациясының вице-президенті Жазира Жаппарқұлдың айыптауларына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Федерацияның басты мақсаты – Халықаралық ауыр атлетика федерациясы мен халықаралық олимпиада комитетімен бірге жұмыс жүргізу. Басты мақсатымыз спортшыларымызды жұмысқа орналастыру емес. Біз спортшыларымызға қолымыздан келгенше көмектесуге дайынбыз. Бірақ кейбір талаптарын орындай алмайтын кездер де болады. Біз шеше алмайтын сұрақтар болуы мүмкін. Әрине, спортшыларымыз бен бапкерлерімізге көмектескіміз келеді», – деп жауап берді Димаш Сұлтанов.
Оның айтуынша, мұндай қызметке кімде-кім өзін ұсынбас бұрын, өз ісінің шебері болуы қажет.
«ҰҚК-ның бапкері болу үшін үздіктердің үздігі атануы керек. Біз ондай қызметті бірден бере салмаймыз. Алдымен осы уақытқа дейін атқарған қызметі мен оның нәтижесі болуы қажет. Сол көрсеткен нәтижесі бойынша бақылап, бір шешімге келеміз», – деді ол.
Сондай-ақ, 2019 жылы Жаппарқұл мен Ауыр атлетика федерациясы, ҰҚК арасындағы келісімшарт заңды түрде тоқталған. Бәрі заң талабына сай орындалғанын жеткізді.
«Сотқа беру әр азаматтың өз еркі, құқығы. Заңға сәйкес келісімшарт тоқтатылған болатын. Жазира сотқа барамын десе, біз жақтан ешқандай заңбұзушылық болмады деп айта аламын. Біздің кінәміз жоқ», – дейді Димаш Сұлтанов.
Еске сала кетейік, Ауыр атлетикадан 2016 жылғы Рио Олимпиадасының күміс медаль иегері Жазира Жаппарқұл эксклюзивті сұқбатында біраз мәселенің бетін ашып айтқан болатын.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!